23.06.2016, 11:59
Оқылды: 43

Батыс өлкесіндегі, Маңғыстаудағы, Сыр бойындағы бұлқыныстар əлі де зерттеуді қажет етеді

Screenshot_2016-06-23-11-52-45-1Тұяқбай Зейітов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің шығу себептері, салдары, ұйымдастырушылары туралы егжей-тегжейлі зерттелді деп айтуға болады. Дейтұрғанмен бұл оқиғалардың зерттелуі толық деңгейде жүргізілді деп айта алмаймын. Өйткені ұлт-азаттық көтеріліс тек Торғайда Жетісуда болған оқиғалар негізінде ғана зерттелді. Ал Батыс өлкесінде, Маңғыстауда, Сыр бойындағы бұрқ еткен бұлқыныстар Амангелді Иманов бастаған көтерілістің деңгейінде зерттелді деп айта алмаймын. Бұл оқиғалар əлі де терең зерттеулерді қажет етеді.
Тарихшылардың міндеті - ешкімге жалтақтамай, тарихи оқиғаны бұрмаламай, ақиқат деңгейінде жеткізу жəне осы жолда ерінбей-жалықпай еңбектену.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале