9.07.2015, 9:22
Оқылды: 17

Бауыржанның берекелі ісі

JAnibek-bauirjannin-berekeli-isiБауыржан Қарашев Жәнібек аулының орталығынан  2004 жылы  «Қараш» ШҚ шағын мал сою кәсіпорнын  ашқан болатын. 2009 жылға дейін ауыл тұрғындарына өз қызметін ұсынып келген  кәсіпорын  сол жылдары шетел асып келген арзан еттердің нарықты жаулап алып, отандық өнімдерді шетке ысырған нөпірі кезінде бәсекеге төтеп бере алмай, жұмысын тоқтатқан болатын.

Мемлекетіміздің  шағын және орта  бизнес  пен іскерлік белсенділікті  қолдау бойынша жүргізіп отырған саясатының шапағатын көрген Бауыржан Бақтыгерейұлы несие алуға құжаттарын рәсімдеп, кәсіпорын жұмысын жандандырып, етті өңдейтін жаңа құрал-жабдықтар сатып алып, бүгінде қарамағындағы үш адаммен жұмыс істеуде.

-Малды сойып, етін   өңдеп, сақтап, сату  жұмыстарын қолға алып отырмыз. Орал қаласынан  етті бөлшектеп сататын дүкен ашуды жоспарлап, қазір соның құжаттарын реттеп жатырмын. Осы айдың аяғынан бастап сарып  ауруына шалдыққан жергілікті тұрғындардың малдарын  алыстан ат арқалатып, Орал, Атырау қалаларына тасымалдап, жол шығынына ұшырап, әуреге түспей, Жәнібек ауылындағы біздің кәсіпорынға өткізу жұмыстарын  ұйымдастырмақпыз. Бір мезгілде елу бас малды  соя аламыз. Алдағы уақытта кәсіпорын жұмысының керегесін жайып, жиырма адамды жұмыспен қамтысақ деген жоспарымыз бар,- деді Бауыржан Қарашев бізге.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале