11.11.2015, 13:11
Оқылды: 32

Бауы берік болсын деп құттықтап барды

Kaztalov ALtinbek   Жуырда Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, Жалпақтал колледжінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Мағауия Есмағұлов, Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин Альфия Марленованың шаңырағында болып, шілдеханамен құттықтап барды.

Альфия Марленова ата-анасынан жетім қалып, тұрғын үйге мұқтаж «жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар» тізімінде тұрған болатын. Ата Заңымыздың 20 жылдығы қарсаңында әнші композитор Алтынбек Қоразбаевтың қолынан пәтер кілтін алған болатын. Жалпақтал колледжінің ІІ курсында оқитын Альфия былтырғы жылы Наурыз Ғазизовқа тұрмысқа шығып, жақында дүниеге торсықтай ұлды дүниеге әкелді.

-Алтынбек ағаның қолынан пәтер кілтін алған соң ұлымыздың есімін Алтынбек деп қойдық,-дейді қуанышын жасыра алмаған Альфия. Осы шаңырақты болған ел ағалары, колледжі ұжымының ұстаздары бауы берік болсын деп шағын сыйлықтарын табыс етті.

www.zhaikpress.kz

 Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале