9.06.2015, 16:10
Оқылды: 19

Бахтыханым лауреат атанды

3N6a-y1QLsgКүні кеше Астана қаласында «Еуразия жұлдызы» атты халықаралық шығармашылық жобасының аясында «Әлемге күлкі сыйла» атты халықаралық өнер фестиваль-конкурсы өз мәресіне жетті.

Аталмыш байқауға хореография аталымының «Халықтық би» жанры бойынша қатысқан Сырым ауданының мәдениет қызметкері Бахтыханым Жұмағалиева осы конкурстың І дәрежелі лауреаты атанды. Бұл байқауда хореография аталымы бойынша барлығы 70 биші бақ сынаған болатын.

Бахтыханым Жұмағалиева 15 жылдан бері бимен тұрақты айналысады. Бүгінде «Жауқазын» би ансамблінің жетекшісі.

Халықтың мәдени мұрасын насихаттау мен шығармашыл жастардың дамуына үлкен үлесі үшін Сырым аудандық «Демалыс орталығы» мекемесінің басшысы Серік Тоқмамбетовтің атына халықаралық шараны ұйымдастырушылар алғыс хат жолдады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале