11.09.2015, 9:01
Оқылды: 25

Бағамдық айырманы өтеу тетігін әзірлеуде

Tengenin erkin ainalimi Теңгенің еркін айналымдағы бағамын енгізуге орай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен бірлесіп жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған мерзімді депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеу тетігін әзірлеу мәселесі жөніндегі жұмыс тобын құрды.

Жұмыс тобының құрамына Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері кірді. Ұлттық банктің Батыс Қазақстандағы филиалының директоры Ғалия Сатыбалдинаның айтуынша, өтемақы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша шоттағы қалдық шамасы 1 миллион теңгеге дейін болатын жеке тұлғалардың теңгеде ашылған мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады. Депозит банктегі арнайы шотта бір жыл бойы сақталған жағдайда, азаматтарға бағамдық айырма өтелетін болады.

www.zhaikpress.kz

Гүлнар ШӘҢГЕРЕЙ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале