9.10.2015, 12:07
Оқылды: 23

Бағаны асырмау жөніндегі қағидалармен таныстырды

Janibek bagani osirmau    Жәнібек аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Наталья Сажина және аталған бөлімнің бас маманы Рустам Аманғалиев аудандағы барлық ауылдық округтерде орналасқан жеке дүкендерде болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын біліп, зерттеді. Аталмыш бөлімнің жұмыс тобы ауылдардағы дүкен иелерін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 бұйрығымен жіті таныстырды. Жұмыс тобы, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 202-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерден асырылуы - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын нықтап айтты.

www.zhaikpress.kz

                                                                                Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале