24.11.2015, 10:15
Оқылды: 21

Баға бағамын бақылады

Zelenov peremetni 01    Переметный ауылында «Айқын тариф» партиялық жобасы аясында күнделікті сұранысқа ие азық-түлік пен дәрі –дәрмектің бағаларына  мониторинг  жүргізілді.


         Оны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров, аудандық «Қазагромаркетинг» АҚ-ның кеңесші маманы Анна Чиркова, Переметный ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Николай Анципрович  қадағалаған болатын.

         Мониторинг барысында аудан орталығындағы 8 дүкен мен 3 дәріхананың тауарлар құны тексеріске алынды.

Азық-түлік бағасы әр дүкенде әр түрлі. Қанттың ең арзаны , яғни бір келісі 205 теңге болса, жоғары бағасы 220 теңге. Ал, нанның 1 - сұрпы 50-60 теңге, «Корона» макароны 140-165 т, күріш 175-200 т, сұйық майдың 1 литрі - 340-380 т, 5 литрі 1800-1850 т, жоғары сұрыпты ұнның 25 келісі 2300-2500 т, картоп 65-75 т, сәбіз 80-100 т, алма - 280-330 т, «Пиала» шайының 250 грамы 480 теңге болса, бір дүкенде 600 теңгеден бір-ақ шыққан.

Zelenov peremetni 02

Дәріханаларда халық көп тұтынатын аспирин 20-35 теңге, антигриппин 120-130 т, мукалтин 115-130 т,  мезим 350-400 т, фарингосепт 580-700 т, хилак форте 1130-1150 т, бромгексин 170-230 т, пиносол 400-430 т, мақта мен дәке 75-120, 20-40 т.

Ия, кей заттардың бағасы көңіл көншітерлік емес, саудалап жүрген халық та өкпе наздарын білдіруде. Алайда, бағаның көтерілуі қазіргі нарық заманның талабы.

Алдағы уақытта қала мен ауыл ішіне қатынайтын темір тұлпарлардың жол ақысы, газ, су, жарық, азық-түлік құнына толық мониторинг жүргізіліп, арнайы кеңесте қаралмақшы.

www.zhaikpress.kz

Динара Насыр

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале