9.06.2015, 18:44
Оқылды: 21

Баға жайы бағамдалды

 3-сурет«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.К. Арыстанбековтің бастамасымен құрамында филиалдың партиялық бақылау комиссиясы төрайымы Г.Б. Мұқанова және аудандық кәсіпкерлік бөлім басшысы Е.С. Нүркенов бар топ Сайқын ауылындағы бірқатар азық-түлік дүкендерін аралап, тұтынушылармен тілдесіп, бірінші кезектегі қажет тауарлар бағасының жайын бағамдады.

Макарон өнімдері «Мирас», «Ильнура», «Жұлдыз», «Нұр», «ИП Хайрошева» дүкендерінде 120 теңгеден болса, «Жанар» мен «Әселде» – 130, «ИП Иманғалиевада» 160 теңге екен.

Қант «Ильнура» мен «ИП» сөрелерінде 170, қалғандарында 180 теңгеден. Картоп «Жұлдызда» 85 және 155, «Мираста» 120 және 165, «Жанарда» 100 және 120, «Ильнура» мен «Нұрда» 90-нан, «Әселде» – 100, «ИП Иманғалиевада» – 120, «ИП Хайрошевада» 130 теңгеден көрінеді. Ал, алманың келісі 260-тан («Жанар») 320 («Мирас») теңге аралығында. Сондай-ақ, 250 грамдық шайдың құны 370-450 теңгеден. Бір келі күріш 180-220, сұйық май литрі 275 теңгеден сатылуда.

Сатушылар Ресейден жеткізілетін тауарлардың құны рубльдің курсына сай құбылатынын құлағдар етті.

www.zhaikpress.kz

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале