20.09.2016, 11:20
Оқылды: 18

Бағдарлама бағыттары түсіндірілді

%d0%b1%d0%b0%d2%93%d0%b1%d0%b0%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%b0-%d0%b1%d0%b0%d2%93%d1%8b%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d1%82%d2%af%d1%81%d1%96%d0%bd%d0%b4%d1%96%d1%80%d1%96%d0%bb%d0%b4%d1%96  «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының мәжіліс залында «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелері және оны жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында семинар өтті.


  Семинарға «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» мекемесінің директоры, ғылым кандидаты, доцент Үмбетқали Жаңабеков, ғылыми-зерттеу институтының бас әдіскері Амангелді Әміров,  аталмыш институттың бас маманы, магистр Дәурен Кемешев және барлық ауылдық округ әкімдері қатысты.

  Шарада сөз алған «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының» директоры Үмбетқали Жаңабеков бағдарламаның негізгі ережелерін және оның  жүзеге асу жолдарына тоқталып, бағдарламаның  бірінші кезекте жұмысқа орналасуға, жеке жұмысты ұйымдастыруға тигізетін әсері жөнінде түсіндіріп өтті.

  Сондай-ақ семинарда магистр Дәурен Кемешев бағдарламаның ауылдық жерлерде жүзеге асырылуының тәжірибелік қырлары бойынша сөз өрбітті.

  Семинар соңында   арнайы тренинг өткізіліп, «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелері және оны жүзеге асыру тетіктері бойынша тестілеумен қорытындыланды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале