22.10.2015, 12:32
Оқылды: 16

Бағдарламаның тетіктері сараланды

багдарламаБүгін Қазталов ауданында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру жөнінде семинар өткізілді.

Семинар жұмысын аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин ашты. Семинарда Батыс Қазақстан ғылыми зерттеу институты мекемесінің директоры Үмбетқали Жаңабеков «Жұмыспен қамту 2020 жол қартасы» бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесін проблемалық тұрғыдан сараптау туралы хабарлама жасады.

Сондай-ақ осы институттың ғылыми қызметкерлері Амангелді Әміров, Дәурен Кемешев бағдарламаны жүзеге асыру тетіктері туралы түсініктер берді.

Семинар жұмысына қатысқан ауыл әкімдері, осы салаға қатысты бөлім басшылары, мамандар түрлі сауалдарына жауаптар алды.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале