6.11.2015, 18:48
Оқылды: 22

Бағдарламаның іске асырылуына оң баға

Sessia otirisi   Облыстық мәслихаттың үлкен залында облыстық мәслихаттың кезекті 28-сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов қатысты.

Сессия жұмысында 8 мәселе қаралып, талқыланды. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының облыс бойынша іске асырылуы» жайындағы мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов хабарлама жасады. Оның айтуынша, бағдарламаны іске асыруға 12,7 млрд. теңге қаржы бөлінген. Облыста соңғы бес  жыл ішінде 24 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілген. Сол нысандардың 17-сі ауылдық жерде салынған. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде облыс тұрғындары санының 631,3 мыңға жетуі, жалпы өлімнің 11 пайызға төмендеуі, туу көрсеткішінің 5,8 пайызға өсуі, ана өлімінің 38,2 пайызға төмендеуі, нәресте өлімінің 34 пайызға төмендеуі байқалды. Профилактикалық тексерулер шеңберінде жыл сайын 20 мыңға жуық әйел және 160 мыңнан астам бала тексеріледі. 2015 жылдан бастап балаларға пневмокок инфекциясына қарсы екпелер жасау басталды. Жаңадан туылғандар хирургиясының қызметі белсенді даму үстінде. Ұлттық бағдарлама шеңберінде  қан айналым жүйесі ауруларын ерте анықтау үшін жыл сайын 65 мыңнан астам адам тексеріледі. Жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуде озық технологиялар енгізіліп, бірегей операциялар жасалуда. Облысымызда инсульт орталығы ашылды.

Қ.Ирменовтың айтуынша, соңғы бес жыл ішінде өңірімізге 400 жас маман келсе, олардың 50 пайызы ауылдық жерлерге жолданған. Ақ Жайықтың дәрігерлері Литва, АҚШ, Ресей, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания елдерінде тағылымдамадан өтуде. 2011 жылдан бастап 25 дәрігер, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 21 дәрігер біліктілік курстарында оқыған.

Сессия жұмысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов қорытындылап, күн тәртібінде қаралған мәселелердің маңыздылығын, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының облыс бойынша іске асырылуына депутаттардың оң пікір білдіргендерін және оның орынды екенін атап өтті. Сонымен қатар алдағы уақытта да  өңірдің дамуы жолында түйткілді мәселелерді шешуде халық қалулылармен бірлесе жұмыстанытындарына сенім білдірді.

       www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале