17.02.2016, 18:42
Оқылды: 26

Бағдарламаға жүгінген Берікбай

Terekti Berikbai   Елбасымыз халық алдында сөйлеген әр сөзінде ауылға ерекше мән беріп, қолдау керектігін айтады. Себебі, ауыл-әр қазақтың бесігі іспеттес. Қазір қоғамда қалаға ынтық жандардан гөрі, ауылға бет бұрып жатырған адамдарды көреміз.


Бірақ ауылда жұмыс көздері тапшы. Дәл осындай сәтте көмекке мемлекеттік бағдарламалар келеді. Ауылдағы күнкөрістің жолы мал өсіріп, игілігін көру. Тиімді мемлекеттік бағдарламалар қарапайым халыққа етене жақын. Несие алып, сол қаржыға ірі қара сатып алып, мал басын өсіруді қолға алған жандар жетерлік.

Соның бірі аңқатылық Берікбай Мұханбетжанов деген азамат. 2008 жылы Рыб-цех ауылындағы жер сілкінісінен кейін Аңқаты ауылына қоныс аударған. Берікбай Қайыршаұлының ата кәсібі балықшы. Шалқар көлі жағасында балық аулап, нанын тапқан кейіпкеріміз, Аңқаты ауылына келген сәтте  тұрақты жұмыс таба алмай қиналып қалады. Ауылдық әкімдіктің мамандары мемлекеттік бағдарламаны жете түсіндірген соң, Берікбай аға  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының көмегіне жүгінеді. Осы бағдарлама аясында 1 млн. 500 мың теңге несиеге қол жеткізіп, 7 бас ірі қара 5 бас қой сатып алады.

Міне, қазір кейіпкеріміз мемлекеттің жәрдемімен малын өсіріп, нан-пұлын айырып отыр. Аталмыш кезеңнің өзінде Берікбай ағаның қарамағында 11 бас ірі қара мен 10 бас қойды бар.  Ендігі мақсаты осы мал басын көбейтіп, шаруашылығын өркендету. Мемлекеттің қолдауына бек риза Берікбай Қайыршаұлы үкімет жұмыс тауып береді деп жатып алмай, еңбек ету керек деп есептейді.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале