14.06.2016, 15:34
Оқылды: 29

Бағдарлама шаһардың дамуына тың серпін бермек

Oral kalasinin strategialik damui         Орал қалалық әкімдігінде облыс орталығының 2016-2020 жылдар аралығында стратегиялық даму бағдарламасының таныстырылымы өтті.

     Жиынды ашқан Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қала және аудан әкімдіктері өз аумақтарын 2020 жылға дейін дамыту бойынша арнайы бағдарламалар дайындауда.


   Соған сәйкес облыс орталығының да стратегиялық бағдарламасы жасалды. Бұл құжат «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Қазақстан-2050» стратегиясы, Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы, қаланың бас жоспары, аймақтың даму жоспары негізінде дайындалды.

    -Елбасымыз облысымызға келген сапарында «Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияны негізгі байланыстырушысы ретінде экономикамыздың дамуында ылғи да елеулі орын алатын аймақ. Аймақ асы маңызды транзиттік потенциалға ие және біз оны әрі қарай дамыта береміз. Орал қаласы еліміздің баға жетпес құнды маржаны» деген болатын. Президентіміздің берген осындай зор бағасына қашанда сай болу үшін біз алымызға үлкен міндеттер қойып отырмыз. Нақтылап айтсақ, 2020 жылға дейінгі қала дамуының индикаторы ретінде 6 бағыт бойынша 30 көрсеткіш анықталды. Бұл бағытта негізгі басымдылық коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге, жолдар жағдайын жақсартуға, қоғамдық қауіпсіздік, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталып отыр.

    Осы жылдың негізгі мәселелерін саралай келе біз қаламыздың қарапайым тұрғынын ойландыруы мүмкін өзекті жайттарды анықтадық. Бұлардың қатарында коммуналдық қызмет пен жолдардың сапасы, күл-қоқыстарды уақытылы шығармау, қала маршруттарының, аялдамалардың дұрыс ұйымдастырылмауы, көшелер мен аулаларды жарықтандыру, балалар және спорт алаңдарының жетіспеушілігі, мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы, қылмыстық ахуал, ақпараттарға қолжетімділік, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен оның сапасы бар. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында осынау мәселелерді барынша шешу қарастырылмақшы.

      2020 жылға дейін Орал қаласының дамуы бағытында 8 негізгі басымдық анықталды. Олар: біріккен қалалық жүйе, дамыған экономика, бизнес пен туризмға арналған қала, қолайлы орта, әлеуметтік қала, белсенді тұрғын, қауіпсіз қала және жасыл экономика. Алдымызда тұрған осынау міндеттерді мемлекеттік құрылымдар, депутаттар, ЖОО, кәсіпкерлік нысандары, қоғамдық ұйымдар болып бірігіп атқарсақ айтарлықтай нәтижеге қолжеткізереміз анық,-деді өз баяндамасында Нариман Төреғалиев.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале