4.07.2016, 15:26
Оқылды: 35

Бағдарлама шеңберінде жұмыстар атқарылуда

logo_DKZ_2020Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Мейрамгүл Кенжеғалиеваның айтуынша, аудан бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы негізінде көптеген жұмыстар атқарылуда.


2016 жылға бағдарламаның ІІ бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға» ауданға 60,0 млн теңге қаражат бөлініп, 30 адам аудандық комиссия отырысынан іріктеліп өтті. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 6 адам мал шаруашылығын дамыту бағытында 15400,0 мың теңге несилерін алды. 3000,0 мың теңгеге 1 адамның құжаттары қорда қаралуда, 9000,0 мың теңгеге 3 адам құжаттарын жинауда.

Сонымен катар несие алғандар есебінен қайтарылған қаржыдан 1 адам мал шаруашылығын дамытуға 1600,0 мың теңге алып, жұмыстануда.

Бағдарламаның ІІІ бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша биылғы жылға жоспар бойынша республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарына 16 адамға 3081,0 мың теңге, «Жастар практикасына» 30 адамға, 6872,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Әлеуметтік жұмыс орындары наурыз айынан бастап жүзеге асырылуда. Оған 12 шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге 21 адам жолдамаларын алып, жұмыс жасауда. Ал «Жастар практикасы» сәуір айынан бастап жүзеге асырылды. Оған 12  жас маман әр түрлі жұмыс орындарына тәжірибеден өтеуге жолдамаларын алды.

Сонымен қатар бағдарламаның  II-ші бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» аясында қазіргі таңда «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамына аудан бойынша 2012 жылы несие алған 20 несие серіктестігі 31 612,2 мың теңге бережақ. Қазіргі таңда округ әкімдерімен несие алушылармен несие қайтарылымы жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале