14.05.2015, 18:14
Оқылды: 43

«Бағдаршам-2015» облыстық жас жол қозғалыс инспекторларының слеті өтті

UVD Asilai  Бүгін қаламыздағы «Дарын» қосымша білім беру орталығында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Бағдаршам-2015» облыстық жас жол қозғалыс инспекторлар топтары слеті аяқталды.

Екі күн бойы оздырылған бұл слетқа әр ауданнан, атап айтар болсақ, Ақжайық ауданы, Бөкейордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан және Орал қаласынан жас жол инспекторлар тобы ат салысты. Жалпы 13 команда бойынша 130 оқушы қатысты.

 «Биыл бұл слет 15-ші рет өткізіліп отыр. 2006 жылы БҚО бойынша «Балдәурен» командасы Бурабайда өткен республикалық слетте бірінші орынды иеленген болатын, келесі 2007 жылы республикалық слет біздің облысымызда осы «Дарын» қосымша беру орталығында өткізілді. Былтыр Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласында өтті. Енді осы облыстық конкурстан жеңімпаз атанған команда шілде айында Қостанай қаласында оздырылатын республикалық жас жол инспекторлар слетіне баратын болады», - деді БҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы Нұртай Лезов.

Сайыс қорытындысы бойынша, жүлделі І орынды Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы білім беретін мектебі, ІІ орынды Орал қаласындағы №44 ЖББОМ және Жәнібек ауданы иеленсе, жүлделі ІІІ орын Зеленов, Казталов, Теректі аудандарынан келген жас жол инспекторлар тобына бұйырды.

www.zhaikpress.kz

Асылай Губашева

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале