4.08.2015, 17:45
Оқылды: 21

Бақылау комиссиясының отырысы өтті

Zelenov bakilau otirisinin komissiasi  Бүгін «Нұр Отан» партиясы Зеленов филиалы ғимаратында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Нұржан Дүзбатыровтың төрағалығымен өткен отырыста аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі В.Козиннің есебі тыңдалды.  

– ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынға Жолдаулары мен «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы және "Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам" Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында ауқымды шаралар атқарылуда, - деген фракция жетекшісі есепті кезеңде жасалған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Есепті кезеңде жүргізілген қоғамдық қабылдауларға тұрғындар тарапынан түскен әр түрлі маңыздағы 75 сұрақтың 60-тан астамы оң шешімін тапқан. Сұрақтардың 17 пайызы тұрғын үй мәселесін көтерсе, 34 пайызы жұмыспен қамтуды сұраған, 17 пайызы материалдық көмекке мұқтаждық білдірсе, 19 пайызы абаттандыру мен көшелердің түнгі уақытта жарықтандырылуын сөз ектен.

Отырысқа қатысушы мемлекеттік емес ұйым өкілдерінің бюджет қаржысының мақсатты бөлінуі мен уақты игерілуіне қатысты сұрақтарына мәслихат депутаттары В.Козин, Н.Дүзбатыров, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Сигунов жауап берді.

Отырыс қорытындысында «Нұр Отан» партиясы фракциясының жұмысы тиімді деп мақұлданып, ағымдағы жылдың қараша айында кезекті мәрте тыңдауға шешім қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Нұрәлі Жапақ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале