1.06.2015, 10:56
Оқылды: 153

«Бақытты балалық шақ»

 

БАЛАЛАРДЫ КОРГАУ КУНИ!

1 маусым – Балаларды қорғау күні. Осыған орай, өңірімізде балаларға арналған іс-шаралар басталып та кетті. Солардың ішінде «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде өткен «Бақытты балалық шақ» атты шараның орны бөлек болды.

Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы аясында «Нұр» балалар үйі мен мектеп интернаттары түлектерінің Батыс Қазақстан Одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып, оны «Мәдени ағарту бірлестігі» МКҚК мен «Жас ұрпақ» жасөспірімдердің даму орталығының қызметкерлері балдырғандар үшін есте қаларлықтай етіп өткізді.

Шара соңында «Нұр» балалар үйі мен мектеп-интернат түлектерінің Батыс Қазақстан Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Геннадий Франк, қалалық мәслихат депутатының көмекшісі  Татьяна Болдырева, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі Айгүл Құспанова балдырғандарды төл мерекелерімен тағы да құттықтап, оларға тәтті  толы дәмқоржын таратты.

«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің меңгерушісі Өмірбай Қалымбетовтың айтуынша, бұл үйде бүгінде 16 жастан асқан 117 тәрбиеленуші тұрып жатыр. Олардың 27-сі отбасын құрып үлгірген және  басқа барар жері жоқ жалғызбасты ана атанған 12 қыз-келіншек те (олар да осы «Шаңырақтың» бұрынғы тәрбиеленушілері)  осында тұрады. Осы жанұялардың балаларының жалпы саны 57-ні құрайды. Өмірбай Рыспайұлының  сөзінше, бүгінде осы ұйымнан жырақ кетіп, жеке өмірлерін бастаған бұрынғы тәрбиеленушілер ешқашан қара шаңырақты ұмытқан емес.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале