4.05.2016, 15:37
Оқылды: 42

«Бейбіт әлем үшін рахмет!» атты бұқаралық шара өтті

 YOS    Облыстық клиникалық ауруханада «Бейбіт әлем үшін рахмет!» атты бұқаралық шара өтті. Оған денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, соғыс және еңбек ардагерлерінің отбасыларының мүшелері, БАҚ өкілдері және басқасы қатысты.


    Шара Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналды. Онда Орал медициналық колледжінің студенттері ән салып, жыр оқыды.

   Ресми бөлімінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Хамидолла Ирменов сөз сөйлеп, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

    «Талап» АҚ-ның дәріхана желісінің бастығы Дания Ануфриева сөз сөйлеп, мерекеге орай әр соғыс ардагерімен мүгедегіне тегін дәрі-дәрмек қорабы мен медициналық аспаптар тапсырылатынын айтты.

      Соңынан Х. Ирменов ҰОС ардегерлері Қалам Сүйіншәлиев пен Хамза Сафинге Астана қаласындағы әскери госпитальға және Алефтино Метрохинаға «Ақжайық» шипажайына тегін жолдама тапсырылды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале