28.09.2015, 19:55
Оқылды: 20

Белгіленген бағаны білді

Janibek belgilengen bagani bildi    Жәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізіліп, оған аудандық мекемелер басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрбол Ислямов  Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын көпшілікке кең ауқымда таныстырды. Бас қосу барысында, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Сержан Жаманқұлов «Бәсекелестік туралы заңның» бағыттарын егжей-тегжейлі таныстырып, ауыз судың және электр энергиясының ресми белгіленген бағасы жайында айтып берді. Облыстан келген аталған департамент қызметкерлері жиналған жұртшылық тарапынан түскен сауалдарға толыққанды жауап қайтарды.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуаналиев қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

                                                                                       Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале