27.08.2015, 12:07
Оқылды: 21

Белгіленген бағытпен жүріп өткен аутошеру Орал қаласына жетті

Kaztalov01   Облыс орталығынан 24 тамызда ертемен Бөкейорда ауданы Хан ордасы ауылына жолға шыққан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аутошеру тізбегі 27 тамызда түнгі үш жарымда Орал-Хан тоғайы-Жайық қаласы-Зеленов-Ақжайық-Жаңақала-Бисен-Хан ордасы -Қазталов-Жалпақтал бағытымен жүріп өтіп Орал қаласына жетті.

Хан ордасы ауылынан кері шыққан бағытта Қазталов ауданының үстімен өтіп, аудан орталығында салтанатты түрде қарсы алған шараға қатысты. Аутошеру  құрамындағы өлкетанушы Жайсаң Ақбай, тарихшы Жаңабек Жақсығалиев, облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорының орынбасары Елдос Сафуллин, «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры Жантас Сафуллин саябақ алаңындағы сахнаға көтеріліп, жиналған жұртшылықты атаулы мерекемен құттықтап, аутошеруді ұйымдастырудың басты мақсатына тоқталды.

Жайылған дастарханнан дәм ауыз тиген аутошерушілер қайтадан жолға шықты. Жалпақтал ауылының көшелерімен шерулетіп жүріп өтті. Ауыл ортасындағы саябаққа аялдап, ондағы "Қазақ халқын қорғаушылар одағына", соның ішінде Ғұбайдолла Әнесовке арналған ескерткіш тақтаның алдына жиналған аутошерушілерге, тарихшы Жаңабек Жақсығалиев Жалпақталдағы жасырын ұйымның мақсатын айтып, тарихтан сыр шертті.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале