30.05.2016, 10:17
Оқылды: 37

Белгілі күйші байқаудың ұйымдастырылуына жоғары баға берді

Turar AlipbaevҚаратөбе ауданында өткен Ұзақ Мырзабайұлы атындағы «Күй күмбірі» атты республикалық байқаудың қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші Тұрар Әліпбаев байқаудың ұйымдастырлу деңгейіне жоғары баға берді.


- Бұл байқау - Ұзақ бабамыздың атымен алғаш рет тойланып жатырған республикалық конкурс. Ұлы Құрманғазының ұстазы тегін адам емес, әрине. Былтырғы жылы осы өлкеде баба есімін ұлықтау мақсатында керемет кесене тұрғызылды.

Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровпен, тарихшы адамдармен ақылдаса, кеңесе отырып, Батыс аймақта республикалық байқау өткізу жөнінде ұсыныс жасаған болатынмын. Батыс аймақ - Құрманғазы, Дина шешеміз, Мәмен атамыз, Боғда атамыз, талай-талай күйшілер шыққан жер.

Бүгінгі күнді ойымыздың іске асып, арман-тілегіміздің орындалған күнді деп айтуға болады.

Республикалық домбырашылар байқауы өте жоғары дәрежеде өтті. Ұйымдастырушы тарапқа мың да бір алғыс айтамын, - дейді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші Тұрар Әліпбаев.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале