18.01.2016, 17:15
Оқылды: 33

Белестік футболшылар - аудан чемпионы

Зеленов ауданы орталығында шағын футболдан жасөспірімдер арасында қысқы чемпионаты2016-01-19 03.30.05өтті. 1998-1999 жылы туылған жас футболшылардың басын қосқан жарыста 10 округтен келген командалар бақ сынасты.


2016-01-19 03.29.20Аудан чемпионы атағы сарапқа салынған жарыстың әр ойыны тартысқа толы болды. Қорытындысында ІІІ орынды Переметный, ІІ орынды Мичурин футболшылары еншілесе, І орынды Белес футболшылары қанжығасына байлады. Сондай-ақ әр ойында өзін жақсы қырынан танытқан Дмитрий Авдеев «Үздік қақпашы», Ерқанат Талапов «Үздік қорғаушы», Игорль Король «Үздік шабуылшы» атанса, Данияр Құрымбай чемпионаттың үздік ойыншысына берілген сыйлықты жеңіп алды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале