23.02.2016, 17:28
Оқылды: 33

Белес ауылында «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жас мамандар саны артуда

????????????????????????????????????

 Жалпы, жастар қауымына жүктелер үміт үлкен, сенім мол. Ал, үмітті іркілтпей, сенімді сапалы ақтау жастарымыздың парызы.


Қажетті білімді меңгеріп, ауылдың абыройын көтергісі келетін жігерлі жастар «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдарға ағылуда. Солардың бір легі- Белес мектебіндегі жас мамандар. Олар әр тараптан келсе де, мақсаттары бір. Міндет-егеменді еліміздің білімді шәкірттерін кемел келешекке қанаттандыру. Бұл ұжымдағы алты жас маманның төртеуі тұрақты баспанаға қол жеткізсе, енді екеуі құжаттарын дайындап, берілетін үйді күту үстінде.

- Әркез жастарды бей-жай қалдырмаған Елбасымыздың ұтымды жобасы ұлт болашағы үшін жасалған маңызды жобалардың бірі. Атаулы бағдарлама жастар үшін тиіміді, әрі мол мүмкіндік. Өйткені, жоғары оқу орнын жаңа ғана бітірген жастың бойында күш-қуат, білімнен  басқа не болсын? Баспана болмақ түгілі, жұмыс табудың өзі біраз қиыншылық туғызатыны ақиқат. Ал, «Дипломмен ауылға»  жобасы барысында жұмыс көзін тауып, тұрақты баспанаға да ие боласын,-дейді белестік ұстаздар.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале