9.03.2016, 11:22
Оқылды: 38

Белсенді азаматшалармен салтанатты дастархан басында кездесті

Sirim tamasha meiramhanasi     8 – Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Сырым ауданы әкімі Абат Шыныбеков ауданның көп балалы аналары және өңірдің қоғамдық – саяси өміріндегі белсенді азаматшалармен салтанатты дастархан басында кездесті. Шара «Тамаша» мейрамханасында өтті.


       Әйел – аналарды құттықтаған аудан басшысы Абат Шыныбеков өзінің сөзінде, Алланың асыл жаратылысы, ұлттың жалғаушысы, отбасының ұйытқысы әйел затының адамзаттың өміріндегі алатын маңызына тоқталды. Аты ардақты әйелдер қазақтың тарихында аз емес. Бірі - батыр, бірі -қайраткер.  Жанұясында жылулық орнатып, ұрпақтың тәрбиесіне теңдессіз үлес қосқан қазақтың әр әйелін батыр деуге болады. Әкім де осыны айтты.

Салтанатты дастархан басындағы әйел – аналар қауымы өздеріне деген аса бөлек көңілі үшін ауданның басшысына алғыс айтты, елге тыныштық, жұртқа амандық тіледі. Шараның соңында барлық қонақтарға сыйлықтар үлестірілді.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале