25.12.2015, 16:25
Оқылды: 37

Белсенді депутаттар марапатталды (ФОТО)

 Mas Akim kabild 01  Ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай өңіріміздегі облыстық, аудандық мәслихаттардың бір топ депутаты ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев депуттарға осы марапаттарды табыстады.


         -Елбасының орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың алдына қойған міндеттері ойдағыдай іске асуда. Соның нәтижесі ретінде ел экономикасының дамып, халықтың әл-ауқатының көтерілуін айтуға болады. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, газдандыру, сумен қамту және өзге де бағыттардағы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып, көптеген істер атқарылуда. Мұның бәріне Парламент, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттары үлкен үлес қосуда. Соған орай таяуда ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасымжомарт Тоқаев аса белсенді болған халық қалауыларын Құрмет грамотасымен марапаттады. Қасымжомарт Кемелұлының тапсырысы бойынша сол грамоталарын тапсырғым келіп отыр. Өз тарапымнан да сіздерді және сіздер арқылы барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарына ризашылығымды білдіремін,-деді Нұрлан Асқарұлы.

Mas Akim kabild 02

         Сонымен Сенаттың Құрмет грамотасымен облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімов, Жаңақала аудандық мәслихатының депутаты Рухолла Саматов, Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Әнуарбек Ғалымов марапатталды.

         -Мен 1999 жылдан бастап, яғни төрт шақырылым бойы аудандық мәслихаттың хатшысы болып келе жатырмын. Ел Тәуелсіздігінің алғашқы кезеңінде ауданымызда да әр түрлі салада көп мәселе болды. Қазір олар өз шешімін тапты. Әсіресе соңғы жылдарда аудан орталығы мен елді мекендерін абаттандыру жұмыстары жоғары деңгейде орындалуда. Бүгінгі таңда ауданды газдандыру мәселесі 80 пайызға жуық шешілді. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша былтыр аудан орталығы мен Талдыбұлақ ауылдық округтері ауыз сумен қамтылды. Енді Жосалы, Бұлдырты, Аралтөбе ауылдық окрутарының тұрғындары да осындай қуанышқа кенелмекші. Депутаттарымыз сайлауалды тұғырнамаларындағы өз міндеттерін барынша орындап келе жатыр. Бүгінгі марапат ел игілігі жолындағы қызметімізге берілген баға іспеттес,-деді марапаттау шарасынан соң жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Әнуарбек Ғалымов.

Mas Akim kabild 03

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале