15.07.2015, 17:32
Оқылды: 25

Белсенді жастар бас қосты

belsendi jastar Nyrbek   Кеше «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Еркін пікір» дискуссиялық клубы алаңында Елбасы ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасын талқылау аясында кезекті отырыс өтті.

Оған облысымыздың белсенді жастары, жастар мәслихаты депутаттары, ЖОО жастар комитетінің жетекшілері, жастар ресурстық орталығының, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.

«Еркін пікір» алаңында бас қосқан белсенді жастар бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадамға жастардың қосатын үлесі, мемлекеттік қызметтегі жастардың орны, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастарды еңбекке баулу, жұмысқа орналастыру төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

         www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале