5.09.2015, 7:38
Оқылды: 38

Бензин бағасының босатылуы нан бағасына, егін орағына, қысқа дайындыққа еш әсерін тигізбейді

брифинг    Облыстық ауыл шаруашлығы басқармасы басшысының орынбасары Наурызбай Қарағойшиннің айтуынша, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласы жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етілген. – Көктемгі- жазғы далалық жұмыстарға 12 мың тонна сұйық отын бөлініп, ол шаруаларға  литрі 81 теңгеден босатылды. Енді күзгі жиын-терімге және мал азығын дайындау жұмыстарына қосымша 14 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Оның да бағасы еш өзгеріссіз, 81 теңгеден. Облыстың ауыл шаруашылығы саласы бойынша әсіресе, дизель отыны арзандатылған бағамен, яғни 81 теңгемен сатылып келді және жыл аяғына дейін осы бағамен босатылады. Күні бүгінге 14 мың тонна жанар-жағармайдың 1,5 мың тоннасы шаруа қожалықтарына жеткізілді. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласы бойынша жанар-жағармайдан тапшылық жоқ,- деді Н. Қарағойшин.

БҚО табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бөлім басшысы Оралбек Құлмұрзиннің айтуынша, Аи-92/93 бензинінің бағасы еркіне жіберілгенмен, бақылауда болады. – Облыс нарығында мұнай өнімдері саласындағы басымдыққа ие тізілімге енген субьектілердің тарапынан бәсекелестік туралы заң талаптары сақталмайтын болса, оларға қатысты әкімшілік шаралар алынады.   Бастысы, бағаны негізсіз өсіруге, бағалық ымыраға баруға жол берілмейді. Жанар-жағармай сатушы субьектілер бағаны негізсіз көтерген жағдайда әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 159-бабына сәйкес әкімшілік шаралар алынады. Соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік  субьектілеріне монополиялық кірістің 3 пайызы шамасында, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне монополиялық кірістің 5 пайызы мөлшерінде айыппұл салынады және монополиялық кірістері толықтай тәркіленетін болады,- деді Оралбек Құлмұрзин.

Брифингте мәлім болғанындай, коммерциялық бензин бағасының босатылуы нан бағасына, егін орағына, қысқа дайындыққа еш әсерін тигізбейді.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале