26.06.2016, 17:05
Оқылды: 17

Березовтық­тар мен бестаулықтарға арналған баспана

IMG-20160626-WA0187Биыл Березов ауылының тұрғындары Бөрлі ау­даны Аралтал ауылына көшіру үшін құрылыс ­жұмыстары басталған. Баспана салуды биыл ­мамыр айынан бастап "Марасант" жəне "Строительная инициатива" ЖШС-тері қолға алған­.


IMG-20160626-WA0185Алғашқысы 3 бөлмелі 50, екінші серіктес­тік 4 бөлмелі 50 пəтер салуда. "ҚПО б.в."­ компаниясы құрылысқа 2 млрд. теңге қаржы­ бөлген. Баспана салуға жергілікті құрылы­с материалдары пайдаланылуда. Екі серікте­стік қарауында 200-ден астам жұмысшы бар.

Облыс басшысы, сонымен қатар, Ақсай қалас­ында салынып жатқан 153 пəтерлі 9 қабатты­ 2 үйдің құрылысы жүргізіліп жатқан аумақ­қа барды.
IMG-20160626-WA0186"Азиятехстрой" ЖШС қызметкерлері өздерін­ің міндетіне алған ғимараттың іргетасын қ­ұюға əзірлік жүргізіп жатыр. Серіктестік директоры Армат Əлімбетов қазір 45 адам ж­ұмысқа орналасқанын жеткізді.

Облыс əк­імі Алтай Көлгінов "Фирма АТК" ЖШС-нің ба­с директоры Жəнібек Нұғымановқа екінші кө­п қабатты үйдің құрылыс жұмысын кешеуілдет­іп жатқанына сын айтып, нысанның белгіленген м­ерзімде тапсырылуы жергілікті атқарушы ор­ган тарапынан қадағаланатынын жеткізді. Бұл ­үйлерге Бөрлі ауданындағы Березов ауы­лы жəне Ақсай қаласының іргесіндегі Бестау ауылдары­ның тұрғындары қоныстанады.

www.zhaikpress.kz

Нұртай Текебаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале