3.05.2016, 10:55
Оқылды: 17

Берекені көздеген Зеленов өңірі мерекелі тірлік жасап, ауқымды түрде шара ұйымдастырды

????????????????????????????????????

     «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін Қазақстан Халықтарының бірлігі күнінің орны ерек. Берекені көздеген Зеленов өңірі мерекелі тірлік жасап, ауқымды түрде шара ұйымдастырды.


     Ынтымақ пен тыныштықтың туы желбіреген күні аудан өнерпаздарының орындаған әсем билері мен шырқаған әуендері  жұртшылыққа мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал, татулықты көздеп орталық алаңға жиналған жастар әр түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, бір шаңырақ астына жиналды. Сонымен бірге, олар бірліктің, бейбітшіліктің символы - ақ көгершінді аспан әлеміне ұшырды.

     Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Егеменді еліміздің тыныштығын тілеген Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов барша қазақстандықтарды құттықтап жылы лебізін арнады.

     Айта кетейік, бiздiң ауданымызда да татулық пен достық аясында 40-тан астам түрлі ұлт өкiлдерi өмiр сүрiп, қажырлы еңбек етуде. Этно-мәдени орталықтар қоғамдық және мәдени iс-шараларда үлкен белсендiлiк танытып келедi.

     Концерт соңы аудандық әр сала бөлімдерінің түрлі ұлттың тағамдарынан әзірлеген дастарханнан дәм татуға ұласты.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале