3.05.2016, 10:56
Оқылды: 20

Береке бастауы – бірлік

????????????????????????????????????

     Мамырдың 1-і күні Теректі ауданының Достық үйі алаңында  Қазақстан халқы бірлігі күні мейрамы тойланды.

     Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Бүгінде мемлекетіміздің киелі қара шаңырағындағы түрлі ұлт өкілдерінің достығы, өзара түсіністігі, татулығымыздың берік болуы, ынтымақтастық пен бірліктің орын алуы осы күннің айғағы.


     Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде егеменді еліміз ұлт пен ұлыстардың басын қосқан тұғыры биік мемлекетке айналды. Міне, соның бірден-бір дәлелі ретінде алаңға ауданымыздың барлық еңбек ұжымдары жиналды. Құрамында қазақ, орыс, украин, кәріс, неміс, татар және де өзге ұлт өкілдерін татулықта ұстап жүрген: аудандық аурухана, энерго жүйе ұжымы, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, қазақтелеком ұжымы, білім беру бөлімі аудан көлемінде ұлт бірлігін нығайтып отыр.

     Достық алаңында көрермендердің қошеметімен көк аспанға бейбітшілік құсы ақ көгершін мен ал-қызыл шарлар ұшырылды. Этно-мәдени орталықтардың өкілдері ұлттық тағамдар көрмесін жасақтады. Сондай-ақ, аудан өнерпаздары әр ұлттың әсем билерін орындап, әуезді әндерін әуелетіп шараның шырайын қыздырды.

     Атаулы мейрамға арналған шағын концерттік бағдарламаны аудан әкімі Жеңіс Серікқалиев және орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, мекеме қызметкерлері мен бөлім басшылары, ауыл тұрғындары тамашалады.Мерекеге жиылған жамағат халқымыздың достығы одан әрі нығая түсіп, еліміздің тыныштығы баянды болсын, - деп жақсы көңіл күймен тарқасты.

www.zhaikpress.kz

Күлімхан Махметқызы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале