15.09.2016, 16:34
Оқылды: 38

Берері көп семинар

terekta-seminar  Теректі ауданындағы Достық үйінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелері және оны жүзеге асыруға бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының, жергілікті атқарушы органдардың  және басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысу тетіктері жөнінде семинар өткізілді.


Оған бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты. Алдымен, «БҚО ғылыми-зерттеу институты» мекемесінің директоры, ғылым кандидаты, доцент Үмбетқали Жаңабеков облысымызда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен таныстырса, сол мекеменің бас әдіскері Амангелді Әміров аталмыш бағдарламаға ҚР Үкіметінің қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды. Ал «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы» АҚ-ның БҚО бойынша филиалының моноторинг  және талдау бөлімінің бас маманы Дәурен Кемешов округ әкімдерімен тренинг өткізіп, ауылдарда бағдарламаның қаншалықты деңгейде орындалып жатырғаны жөнінде сөзге тартты. Содан соң «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелері және оны жүзеге асыру тетіктері бойынша әкімдер тест сұрақтарына жауап берді.

Семинар соңында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Асан Ажғалиев қонақтарға алғыс білдіріп, берері көп осындай шаралардан қорытынды шығады деп сендірді.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале