19.11.2015, 17:49
Оқылды: 23

Берері мол бағдарлама

Zelenov bereri mol bagdarlama   Оңғарбай Абылаев жанұясымен Қарақалпақстанның Қоңырат ауданынан 2008  жылы Переметное  ауылына   қоныс  аударып  келген.

Кейіпкеріміз  еліміздің түкпір - түкпірінде жүргізіліп жатырған мемлекеттік  бағдарламардың  берері  мол екендігінен хабардар болып, маман кеңесіне жүгінеді. Сөйтіп бұл жанұя мүшелері ағымдағы жылдың жаз айында «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында 1 млн. 500 қаржы көлемінде  несие алып мал шаруашылығымен  айналысуды  жөн  көрген.  Құптаған істері оңға өрлеп, бүгінгі  таңда  азын - аулақ   ірі  қара  мал  бағып  отыр.

Ата  кәсіпті серік еткен олар қазіргі күні  сүт өнімдерін сауда - саттыққа  шығарып  келеді. Мәселен, құрт, сүт, май - қаймақ, ірімшікке тек ауыл тұрғындарынан ғана емес,  сонымен бірге қала тұрғындарынан да сұраныс бар екен. Әркез екі қолға бір күректің табылатындығын жеткізген олар  келешекте  мал  шаруашылығын  одан әрі  дөңгелетуді көздеп отыр.

www.zhaikpress.kz

Мүгілсім  Нұржанова

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале