21.06.2016, 10:27
Оқылды: 26

Берешек өтелмей келеді

Берешек өтелмей келеді   Тасқала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

  Отырысқа комиссия төрағасы Г.Тұрғанәлиев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде жарна төлеуді бухгалтерия арқылы ведомосты бойынша аудару жүйесіне көшіру және «Шежін», «Амангелді», «Достық» бастауыш партия ұйымдарының партиялық мүшелік жарналардың уақтылы жиналуы туралы мәселе көтерілді.


  Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез баяндама жасап, бірінші жартыжылдық кезеңінде қордаланған жарна бережағына тоқталып өтті.

  Шара соңында партиялық бақылау комиссиясы бұл жағдайды түзеу үшін бес күн уақыт беріп, егерде осы мерзім ішінде мәселе жойылмаса, филиалдың Саяси кеңес Бюросы отырысында қайта қарап, шешім қабылдауға ұсынды.

www.zhaikpress.kz
Манас Маратұлы
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале