3.07.2015, 9:20
Оқылды: 28

Берсең, балаға бер...

Janbek bersen balaga ber    Жәнібек аудандық білім беру бөлімінде аудан әкімінің орынбасары, мектеп директорлары, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің, басқа да бірқатар мүдделі мекемелердің басшы-қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті.

- Акция барысында сіздердің қолдауларыңыз бен көмектеріңізді күтеміз,- деді жиында сөз алған аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Испенбетова. Оның айтуынша, ауданымызда өткен жылғы акция барысында ауылдық округтердің әкімдіктері, жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық ұжымдары, мемлекеттік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің демеуімен 1416 мұқтаж балаға 4968,2 мың теңгенің оқу құралдары мен киім-кешектері табыс етілген. Соның 3500 мың теңгесі бюджеттік, 1468,2 мың теңгесі бюджеттен тыс қаржыны құрапты.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары А. Қадырбеков қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

                                                                                       Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале