18.08.2016, 20:51
Оқылды: 30

Берсең, балаға бер!

????????????????????????????????????

  «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында аудандық мәдени-демалыс орталығының алдында қайырымдылық шара өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез, аудандық мәслихат хатшысы Сансызбай Рахимов қатысты.


    Аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы жиналғандарға келе жатқан оқу жылы сәтті өтуін тілеп, ізгі шараға атсалысқан аудан кәсіпкерлері мен мекеме-ұжымдарға алғысын айтты. Содан соң қайырымдылық акциясына қатысушылар тұрмысы төмен отбасылардың балдырғандарына арналған тарту-таралғыларын табыс етті. Игі бастамаға дербес бөлімдер мен мектеп, балабақша ұжымдары және жеке кәсіпкерлер қатысып, 30 дан астам оқушылар сөмке, оқу құралдары және  киімдермен қамтамасыз етілді. Аталмыш шара әлі де жалғасын табатын болады.

Рауан САТЫБАЛДИЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале