19.06.2015, 18:48
Оқылды: 31

Бес жылда облысқа 363 жас маман келген

44Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов әріптестерін төл мерекемен құттықтап, өңір медицинасының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы қысқаша баяндап өтті.

- Бүгінгі күні облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 1600-ге жуық дәрігер және 6 мыңдай орта буын медициналық қызметкер қызмет істейді. Облыс әкімінің денсаулық саласын жіті назарда ұстауының нәтижесінде соңғы бес жылда облысымызға 363  жас маман келіп, олар тиісінше әлеуметтік көмек-қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар соңғы жылдары шетелдік озық тәжірибе атаулыны енгізуге ерекше ден қойылуда.  АҚШ, Ресей Федерациясы, Финляндия, Оңтүстік Корея және Прибалтика елдерінде дәрігерлерді тағылымдамадан өткізу жалғастырылуда. Жыл ішінде 450-дей дәрігер, 2700-ге жуық орта буын медициналық қызметкер білімдерін өз елімізде көтерсе, 14 дәрігер, оның ішінде  5 адам «Болашақ» бағдарламасы бойынша  шетелдерде білім-білігін көтеріп қайтты. Бұл бағыттағы жұмыстар келешекте де  жалғасын табатын болады, - деді Қамидолла Мүтиғоллаұлы.

www.zhaikpress.kz 

Нұрбек  ОРАЗАЕВ,

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале