13.07.2015, 19:29
Оқылды: 24

Бес  күнге  созылған  бәсеке

 

ZH Орал қаласында бес күнге созылған бадминтоннан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. «Энергия» спорт кешеніндегі жарыс жеке, жұптық және аралас сындары бойынша өткізілді. Финалдық кездесудің әйелдер арасындағы алғашқы  жұптық сынында ресейлік Татьяна Бибик пен Ксения Поликарпова және ирандық Негин Амрепур мен Агае Хождая Сораия кездесіп, жеңіс ресейлік спортшылардың пайдасына шешілді. Ерлер арасындағы жекелей сында ресейлік Владимир Мальков жерлесі Анатолий Ярцевті екі кездесуде де жеңді. Әйелдер арасындағы жекелей сында ресейлік Евгения Косецкая бельгиялық Лиан Танды ұтты. Ерлер арасындағы жұптық сында малайзиялық Мин Чун Лим және Вей Хун Он ресейлік  Вадим Новоселов пен Гордей Косенко финалда кездесіп, малайзиялық бадминтоншылар жеңіс тұғырынан көрінді. Аралас сын бойынша ресейлік Анатолий Ярцев пен Евгения Косецкая малайзиялық жұп Болриффин Хайрул Тор мен Син Эр Энды ұтып, жарыс  жеңімпазы  атанды.

- Халықаралық жарыстың өңірімізде өткізіліп отырғаны - біз үшін үлкен мақтаныш. Елімізде бұл спорт түрінің дамуына жастарымыз көптеп қатысып, өз үлестерін қосуда. Әр бадминтоншы өзіне жоғары ұпай жинап, алдағы Олимпиада ойындарына қатысуға жол ашады. Сондықтан бүгінгі жарыстың бәсі жоғары, - деді облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

www.zhaikpress.kz

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале