24.07.2015, 16:00
Оқылды: 24

Бес реформа - дамуға бастар жол

Janakala 5 reformaga jol     Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы жаһандық сын-қатерлердің алдын алудан туындағаны белгілі. Бұл стратегиялық құжат күні бүгін Ұлт жоспары саналатын бес институттық реформамен және 100 нақты қадаммен толықтырылды.

Әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу мүмкіндігі осы 100 қадам арқылы жүзеге асады. Сондықтан 100 қадам жүктеген міндеттерді жүзеге асыру өте жауапты іс. Осыған орай облыс әкімдігі белгілеген жоспарға сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев бастаған насихат тобы Жаңақала ауданына келіп, Қазталов, Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарының өкілдерімен актив жиынын өткізді.

Жиын мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру, елді маңызды қадамдарды жүзеге асыруға жұмылдыру еді.

Құрамында БҚО бойынша тексеру комиссиясының төрағасы А.Нұғманов, БҚО бойынша қаржы бақылау инспекциясының басшысы М.Лұқпанов, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Б.Қонысбаева, БҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары Е.Шүкірғалиев бар насихат тобы ауданға 22 шілде күні атбасын тіреп, алдымен күрделі жөндеуді қажет етіп отырған Қызылоба, Қырқопа ауылдарындағы орта мектеп ғимараттарын аралап көрді.

23 шілде күні таңда құрылысы аяқталуға таяп қалған 600 орындық мектеп пен 100 орындық жатақхана ғимараттарын аралап көріп, құрылысты жүргізушілерге ұсыныс, кеңестерін айтып, сапалы салынуына пікір қосты.

Төрт ауданның мәслихат хатшысы, жергілікті мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, экономика және қаржы бөлімдерінің, аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары, басқа да мекеме, бөлімдер басшылары қатысқан актив жиынын БҚО әкімінің орынбасары Н.Төреғалиев ашып, жүргізді.

www.zhaikpress.kz

Өмірзақ Ақбасов

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале