5.04.2016, 16:02
Оқылды: 104

Бибігүл Қонысбаева БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Bibigyl     Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Бибігүл Тишанқызы Қонысбаева облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.


     Б.Т.Қонысбаева 1975 жылы дүниеге келген, мамандығы экономист-қаржыгер. Еңбек жолын Шыңғырлау ауданында экономист болып бастаған ол 22 жыл бойы қаржы және экономика саласында қызмет етіп келеді.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.

 2015 жылдан бері БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.

Бибігүл Тишанқызы экономика және қаржы мәселелерімен айналысатын болады.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале