21.10.2016, 11:24
Оқылды: 24

«Бизнес-Кеңесші» сертификаттары табысталды

%d0%b1%d0%b8%d0%b7%d0%bd%d0%b5%d1%81-%d0%ba%d0%b5%d2%a3%d0%b5%d1%81%d1%88%d1%96-%d1%81%d0%b5%d1%80%d1%82%d0%b8%d1%84%d0%b8%d0%ba%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d1%82%d0%b0%d0%b1   «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының басты бағыттарының бірі жаңа бизнес бастамаларын қолдап, кәсіпкерлік патенциалды нығайту болып табылады. Осы мақсатта «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының төртінші бағытын іске асыру үшін Зеленов ауданы Переметный ауылында «Бизнес-Кеңесші» атты оқыту семинары оздырылды. Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған семинарға кәсібін дөңгелетіп отырған жандардан бөлек, өз ісін ашамын деуші азаматтар мен азаматшалар  қатысты.


Бірнеше күнге созылған сабақ барысында арнайы мамандар қалайша кәсіпкер ретінде тіркеуге тұруға болатындығы, бизнес жоспарды құру мен мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін қалай пайдалану керектігі жайында біраз мағлұмат берді.

Сондай-ақ бинесін ашамын деушілерге кездесетін қиындықтар туралы, мемлекеттік қолдауды алу үшін қажеті деген қандай құжаттар кертігі туарлы да осы семинардан біле алды. Бұдан бөлек оқушыларға шағын және орта бизнес идеялары біріктірілген кітапшалар таратылды. Курс аяқталған соң барлық оқушыларға «Бизнес-Кеңесші» сабағын алғандығы туралы сертификаттар табысталды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале