11.02.2016, 17:17
Оқылды: 25

Биылдан бастап банктің терминалдары жексенбі күні жұмыс жасайтын болады

   «Жайық Пресс» ақпарат орталығы:

    - Әдетте есепшотын толтыруға жұмыс күндері салымшылардың көбінің қолы тие бермейді. Ал демалыс күндері «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жұмыс істемейді. Елордамыз Астана қаласындағыдай аталған банктің ойын-сауық, ірі сауда орталықтарында қосымша есепшотты толтыру терминалдарын ашып, оның санын көбейтуге мүмкіндік бар ма?


20160211_110246-1-1

  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Қуанышбек Хамзин:

   -  Сұрақ өте орынды. Басқа банктерге қарағанда біздің салымшылардың саны көп. Көптен бері бұл мәселені ойластырып келеміз. Жексенбі күні банк қызметкерлері демалады. Ал, керісінше қала тұрғындарының қолы демалыс күндері бос болады. Қала тұрғындарын қуантатын күн де қашық емес. Біздің банк салымшылары өзінің салымдарын аптаның жеті күнінде де қаламыздың ойын-сауық орталығында және ірі сауда орталықтарында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өзінің терминалдарында есепшотын толтыра алатын болады. Осы жылдан қалдырмай ашамыз.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале