15.02.2016, 11:41
Оқылды: 26

Биылғы жылы Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай облысымызда ірі мәдени шаралар өтпек

даулеткерей  Брифинг барысында былтырғы жылы атқарылған жұмыстарды шолып өткен басқарма басшысы Дәулеткерей Құсайынов, ағымдағы жылы өтетін ірі шаралаға да тоқталды.

Биылғы жыл халқымызға ғасырлар бойғы арман болған Тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін ұлық мереке –  Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толатыны әмбеге аян.


Облыс мәдениет және өнер ұйымдары 2016 жылы Қазақстанның даму тарихын көрсететін мәдени-көпшілік шаралар арқылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің жүз жылдығын кең көлемде атап өтеді деп жоспарлануда.

Атап айтсақ, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында шаралардың бастауы осы айдың соңғы күндері «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» тақырыбындағы кең көлемді кітап көрмесінің таныстырылымымен ашылды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде түрлі бағыттағы іс-шаралар жоспарлануда.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде наурыз-желтоқсан айлары аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына – жиырма бес жас талантты анықтау мақсатында  «Жауқазын – 2» жобасы  жүзеге   асырылмақшы.

Ұлттық құндылықтар мен өскелең ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін ояту, жаңа патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған патриоттық әндерді орындаушылар арасында  «Ел ертеңі – Жас ұлан» атты облыстық байқауы;

- Халық композиторы, ақиық әнші Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығына арналған «Сары дала сағынышы – сал Мұхит» республикалық әншілер байқауы мен қазақ драма театры «Ән Мұхит» спектаклін қоюды;

- күйші-композитор, Қазақстанның Халық артисі Дина Нұрпейісованың 155 жылдығына арналған «Күй дүлдүлі - Дина»  республикалық және

- күйші, сазгер Сейтек Оразалыұлының 155 жылдығына арналған «Сейтек перне» аймақтық-республикалық домбырашылар байқаулары;

- жыр-терме өнерінің ардақтылары: Жақсылық Сәрсенғалиев, Қалампыр Рахимова, Қаламқас Орашевалардың есімін ұлықтауға арналған «Термелетіп жырлайын» республикалық дәстүрлі термешілер байқауы;

- отбасының құндылықтары мен дәстүрлерін дәріптеу мақсатында Отбасы күніне арналған «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай» облыстық жас келіндер байқауын, даңқты жерлесіміз  Ескендір Хасанғалиевтің екі жыл сайын бір келіп тұратын «Атамекен» фестивалін өткізу жоспарлануда.

Биылғы жылы мемлекет және қоғам қайраткері М.Б.Ықсановтың туғанына 90 жыл толуына байланысты облыс орталығында және туған елі Жәнібек ауданында көптеген  мәдени-көпшілік шаралар жоспарланды.

Тарихы шежіреге толы Ақжайық өңірінде айтыс өнері ғасырдан-ғасырға жалғасып, өнер көшін үзбей келеді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай үстіміздегі жылдың 21 ақпан күні Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында «Елімді жырлаймын» айтыскер ақындардың жолдастық кездесуі өтеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале