12.04.2016, 16:10
Оқылды: 35

Биыл БҚО-да 1750 пәтер салынады - А.Көлгінов

Kulginov    Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысында 1750 пәтер салынады. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында аталған өңірдің басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.


     «Дағдарысқа қарсы шаралар аясында 2016 жылы тұрғын үй құрылысы мен қажетті инженерлік инфрақұрылымға 12 млрд. теңге бөлінді. 2016 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы жалпы аумағы 130 мың шаршы метрді немесе 1750 пәтерді құрайтын 15 көппәтерлі үй мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 22 нысанын салу жоспарланған», - деді облыс әкімі.

     А.Көлгіновтің атап өтуінше, аталған пәтерлердің 675-сі Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшыларына, 180-і жас отбасыларға, 671-і Қазақстанның ипотекалық компаниясы желісі арқылы кезекте тұрғандарға табыс етіледі. Ал 225 пәтер мемлекеттік жеке-серіктестік арқылы апатты үйлердің тұрғындарына беріледі.

 www.zhaikpress.kz

Марлан Жиембай   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале