21.09.2015, 19:02
Оқылды: 34

Биыл 84 адам қызылшамен ауырды

Kizilshamen auirdi    Облыстық мәслихат ғимаратында «Облыста 15-19 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундауды жүргізуді ұйымдастыру» тақырыбында  кеңес өтті. Онда Алматы қазақ медициналық үздіксіз оқыту университетінің доценттері А. Исабекова, Р. Тьесова-Бердалина, Н. Ким лекция оқыды.

Кеңесте екпеден бас тартқан адамдармен жұмыс, егу арқылы аурудың алдын алуға болатынына тұрғындардың сенімін орнату, иммундаудың өзектілігі және қауіпсіздігі туралы мәселе қаралды. Себебі 2014 жылдан бастап елімізде қызылшаның эпидемиологиялық ахуалы күрделі. Осыған орай ақпан айында біздің облыста 32288 адамға қосымша екпе жасалған. Үстіміздегі жылдың 8 айында облыста қызылшаға шалдығудың  84  оқиғасы тіркеліп отыр. Соның үшеуі 14 жастағы, тоғызы 15-19 жастағы, жиырма алтысы 20-29 жастағы, қырық алтысы   30 жастан жоғары тұлғалар арасында тараған. Облыс бойынша 15-19 жастағы 4311 адам иммундауға жатады. Екпе қазан айында басталып, емханаларда, мектеп, лицей және жоғары оқу орындарының медициналық пункттерінде жүргізіледі.

www.zhaikpress.kz

Зағипа ІЛИЯС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале