24.11.2015, 19:18
Оқылды: 25

Биіктіктерді бағындыра бер

Bokei ordasi turizm  Академик Т.Жездібаевты еске алуға арналған облыстық тау туризмі техникасынан Орал қаласында өткізілген жарысқа қатысқан бөкейліктердің қанжығасы майланып қайтты. 4 күнге созылған жарыс кезінде туристеріміз «Жеке», «Байлам», «Техникалық» қашықтықтардан өтіп, түрлі мәдени шараларды тамашалапты.


Аталмыш жарыс кезінде «Шыңға өрмелеу» (скалодромға) қашықтығында ұлдар арасында үздік нәтиже көрсеткен Ерназар Қанапьянов (жетекшісі Айсара Тәженова) (суретте) жүлделі І орынды жеңіп алды. Таулы өңір болмасақ та, туризмнің осы түріне қызығушылық танытып, оның қыр-сырын меңгерген Ерназарға тек биіктіктерді бағындыра бер дейміз.

www.zhaikpress.kz

Бөкей ордасы ауданы

Р.ЖАНАТҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале