26.05.2015, 18:36
Оқылды: 27

«Би Джи Групп» компаниясы өкілдері - Оралда

akimnin kabildaui1001Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыста іссапармен жүрген  «Би Джи Қазақстан» компаниясының  президенті Питер Костелло  мен «Би Джи Гупп» компаниясының бас атқарушы директоры Хельге Лунд және Астана қаласындағы «Би Джи Қазақстан» компаниясының корпоративтік саясат жөніндегі вице-президенті Зарина Бакенованы   қабылдады.

Энергетика саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық «Би Джи Групп» компаниясы - сұйытылған табиғи газды барлау мен өндірудегі әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі. Оның филиалдары әлемнің қарқынды дамып келе жатқан елдерінде жұмыс жасайды. Ал компанияның «Би Джи Қазақстан»  бөлімшесі Қарашығанақ КПО б.в.компаниясының  өндіріс және қаржылық қызметіне, сондай-ақ бизнес саласына басшылық жасайды.

Облыс басшысымен болған әңгіме барысында  қонақтар Қарашығанақ   кен орнының болашағы туралы,  оның өнімдерін әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті бағамен тасымалдаудағы жұмыс тәжірибелерін ортаға салды.

Кездесуден кейін БАҚ өкілдерімен болған қысқа сұхбатта  «Би Джи Групп» компаниясының бас атқарушы директоры Хельге Лунд  Қазақстанға үш күндік іссапар барысында ресурстарға бай Қарашығанақ кен орнында болып,  дамтыудың әртүрлі жобаларын қарастырдық. Ондағы әріптестермен кездесіп, пікірлестік. Облыс басшылығының біздің компаниямен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасауға, кен орнын игеруді одан әрі дамытуға ықлас танытқанына қуаныштымыз. Өйткені, Қазақстан - біздің мұнайгаз саласындағы басты әріптесіміз,-деді.

www.zhaikpress.kz

Еламан БАДЕНҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале