19.06.2015, 12:30
Оқылды: 30

Би ұжымының табысы

Bi yjimi tabispen oraldi   Қаратөбе ауылының өнерпазы Аида Құрманғалиева жетекшілік ететін «Інжу» би ансамблі І Халықаралық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль-байқауына қатысып, табыспен оралды.

Ансамбльдің құрылғанына көп уақыт болмаса да аудандық, облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, көзге түсіп жүрген би ұжымы әлі талай асуларды бағындыратынына сенім мол. Алайда, халықаралық деңгейдегі сайысқа алғаш рет қатысқан ұжым табысы қуанарлық жайт.

Атырау облысында  өткен өнер фестиваліне көптеген елдерден қатысқан  өнерпаздарға  төрелік еткен әділқазылар алқасы да осал болмапты.

Бізбен арадағы әңгімеде «Інжу» би ансамблінің жетекшісі Аида Тілекқабылқызы: Әрине, халықаралық деңгейде өткен жарыс болғандықтан қобалжу болады. Біз үшін қарсыластарымыз осал болған жоқ, барлығы жақсы әзірлікпен келген. Бұл жолғы байқауға «Інжу» би тобының үлкен тобынан 8 оқушымды апардым. Қазылар алқасында кәсіби білікті адамдар болды. Олар ансамбль туралы өте жақсы, жылы сөздер айтты, - дейді.

Алдағы уақытта да би ұжымы жеңіс түғырынан көрінеді деген тілек бар бізде.

www.zhaikpress.kz

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале