11.08.2015, 18:57
Оқылды: 34

Боз кілемде - «Дала батырлары»

DSC_0060Жәнібек ауданы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған жекпе-жектен «Дала батырлары» турнирі өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Мұқаев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысқалы отырған саңлақтарға сәттілік тіледі.

Спорт кешенінде жайылған алаңда ауданымыздың үздік жекпе-жек өнерінің мықтылары 5 салмақ дәрежесі бойынша шеберлік байқасты.

Сайыс қорытындысы бойынша, 60 келі салмақта 1, 2, 3 орындарды сәйкесінше Жансерік Қалмияров, Ренат Аубекеров, Дулат Қадырғалиев, 70 келіде Абай Нұрқатов, Елдос Сайфединов, Тұрарбек Өтегенов, 80 келіде Эльдар Хамзин, Нұртілек Мизамбаев, Равиль Қалмияров, 90 келіде Мейрамбек Дошимов, Ниязбек Оңайәлиев, Мерлан Молдашев, аса ауыр салмақта Елдос Қарабалиев, Серік Самодиянов, Мират Тарғынов олжалады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтау қағаздары, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Данияр Оспан,

Жәнібек  ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале