17.03.2016, 16:30
Оқылды: 17

Боз кілемнің шаңын қақты

 Zelenov jenis  Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында қазақ күресінен 2002-2004 және 2005-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ашық аудандық турнир өтті. Ұлы мереке ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жарыста кілем иелерінен бөлек Жаңақала, Шыңғырлау, Сырым, Қаратөбе, Зеленов ауданыдары, Ақсай, Орал қалалары мен Ақтөбе облысынан келген жас палуандар бақтарын сынады.


Боз кілемнің шаңын қаққан, жан берісіп, жан алысқан болашақ барыстар жарысқа түскен бәсеке қорытындысында жалпыкомандалық үшінші орынды Жаңақала палуандары еншілесе, оралдықтар екінші, ал Ақтөбе олысының намысын қорғаған өрендер бірінші орынды қанжығаларына басты.

 Аталмыш жарысқа Зеленов ауданы атынан берған Александр Бердник үшінші орыннан көрінсе, Нұрлыбек Жәмиев пен Расул Жолдасов қарсыластарының барлығын жеңіп, турнир жеңімпаздары атанды.

 Жас күрес шеберлерінің бапкері Манарбек Кенжеғалиевтің айтуынша бұл жаман көрсеткіш емес екен. Болашақта жастарымыз бұдан да биік жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз.

 www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале