8.07.2016, 17:49
Оқылды: 36

Боксшыларға сәттілік тілейміз!

  boks       8 шілде күні Қазталов аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде КСРО спорт шебері, Қазақстан Респуликасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазталов ауданының «Құрметті азаматы» Марат Елеусіновтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі IV-ші Республикалық турнир өтуде.


   Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 140 боксшы келіп қатысуда.

  Турнирде Маңғыстау облысы, Ақтөбе, Ақжайық ауданы, Зеленов, Орал қаласынан «Бәйтерек» бокс клубы, Орал  бокс спорт мектебі, көршілес  жатқан Александров-Гай ауданы, Қазталов ауданынан Қайыңды, Бостандық ауылдық округтарының боксшылары  қатысып, күш сынасуда.

  Жарыста боксшыларымызға 10 төреші төрелік етуде.

   Барлық турнирге қатысушы боксшыларға   жеңіс пен сәттілік тілейміз!


www.zhaikpress.kz
Әсем Халиуллина
Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале